ХАБАРЛАНДЫРУ

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының

«Облыстық фтизиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы басшысы бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды:

 

Кәсіпорынның атауы: «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, индексі 120009, Ш.Есенов көшесі, №9.

Негізгі қызметі: Облыс тұрғындарына мамандандырылған стационарлық және амбулаториялық-емханалық көмек көрсету болып табылады.

Қызметтік міндеттері:

Кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiне және мүлкiнiң сақталуына, Кәсiпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-әрекеттi ұйымдастыруға дербес жауапты болады. Кәсiпорын қызметiнiң барлық мәселелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес дербес шешедi. Кәсiпорынның атынан сенiм хатсыз әрекет етедi және оның мүдделерiн барлық органдарда бiлдiредi, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекiтiлген шектерде Кәсiпорынның мүлкiне билiк етедi, шарттар және өзге де мәмiлелер жасайды, сенiмхаттар бередi, банктiк шоттар ашады, Кәсiпорынның барлық қызметкерлерi үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi.

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексiне сәйкес Кәсiпорынның қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен жазаға тартады.

Белгiленген еңбекақы төлеу қоры шегiнде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестенi, лауазымдық айлық ақылардың мөлшерлерiн, сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн бекiтедi. Өзiнiң орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшiн тиiстi саланың уәкiлеттi органына кандидатуралар ұсынады, өзiнiң орынбасарлары мен Кәсiпорынның басқа да басшы қызметкерлерiнiң құзыретiн белгiлейдi;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

- Жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін–бейіні бойынша), «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша бірінші (жоғары) біліктілік санатының болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған тұлғалар үшін) мамандығы бойынша магистратураның және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында кемінде 3 жыл немесе денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы; немесе жоғары экономикалық білімнің «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған тұлғалар үшін) мамандығы бойынша магистратураның болуы және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында кемінде 3 жыл немесе денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;

- Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару жүйесі мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, халық үшін санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, адамның өмір сүру ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлық-экономикалық және қаржылық қызметтерінің негіздерін, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.

Сондай-ақ, мемлекеттiк басқару органы бекiткен тиiстi кәсiпорын басшысының бiлiктiлiк талаптары мен лауазымдық нұсқаулығының негiзiнде конкурсқа қатысушылардың кәсiби бiлiмi анықталады.

Мемлекеттік кәсiпорындардың басшыларын тағайындау және аттестаттау ережесiне сәйкес өткізіледі.

Байқауға қатысқысы келген азаматтар Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына келесі құжаттарды тапсырады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

4) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат;

5) денсаулығы туралы белгіленген нысандағы анықтама.

6)Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі бекітілгеннен кейін Байқау кеңесі оларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізеді. Әрбiр кандидатпен әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар аталмыш хабарландыру жарияланған мерзімнен бастап 2025 жылдың 10 қазаннан бастап 24 қазан аралығында қабылданады. Соңғы құжат тапсыру күні 24 қазан 2025 жыл сағат 17:00-ге дейін.

Әңгімелесу өткізілетін мекен-жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ш.Есенов, №9. Мәжіліс залы. Анықтама алу үшін телефон:

8-(7242)-21-57-52.


ФинIQ – қаржылық сауаттылық деңгейін анықтайтын тест 2025 жылғы 10 мен 20 қазан аралығында Қаржы мониторингі агенттігі «Заң мен Тәртіп» және «Адал Азамат» тұжырымдамаларын ілгерілету мақсатында, «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы мен Halyk Bank қолдауымен республикалық қаржылық қауіпсіздік бойынша диктант өткізеді. Диктант мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру. Тест нәтижесінде әрбір азамат алаяқтық схемалардан қорғану дағдыларын меңгереді. Диктант онлайн тест форматында өтеді. Сұрақтар күрделілігіне қарай бірнеше деңгейге бөлінген. Диктантқа кез-келген адам қатыса алады. Қатысушылар тестті бірнеше мәрте өтуге құқығы бар, сондай-ақ алдын-ала оқу материалдарымен танысу мүмкіндігі бар. Диктантты өткен әрбір қатысушыға сертификат табысталады. Қысқа уақытта ең жоғары балл жинағандарға шараның ресми серкітесі Halyk Bank атынан арнайы сыйлықтар қарастырылған. «ФинIQ» республикалық диктантына қосылыңыз – қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз! 📞 Call-center: 1458

https://amlacademy.kz/finiq

Миссия, басқару, мақсаттар, міндеттер мен құндылықтар

«Қызылорда облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК  Миссиясы- Облыс көлемінде халыққа туберкулезге қарсы  сапалы, қолжетімді  медициналық көмек көрсету және ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру.

 

Мекеменің негізгі мақсаты мен міндеттері:

Облыстық фтизиопульмонология орталығының негізгі мақсаты:

халыққа туберкулезге қарсы медициналық көмек көрсету негізінде туберкулез аурушаңдығын және өлім-жітім көрсеткіштерін төмендету болып саналады.

Міндеттері:   

-туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған шараларды ұйымдастыру, жүргізу.

- алғаш рет және қайталап ауырған, туберкулездің арнайы бірінші қатардағы дәрілерге сезімтал түрімен ауыратын науқастарды емдеу,диагностикалау,

-туберкулездің созылмалы түрімен ауырған науқастарға паллиативтік көсек көрсету;

-емнен бас тартқан науқастарды сот шешімімен,мәжбүрлеп емдеу;

-туберкулездің барлық түрімен  хирургиялық көрсетілімі бар науқастарға хирургиялық ем көрсету;

-реабилитациялық мақсатта қалпына келтіру емі

-диагностика: зертханалық  (жалпы       клиникалық, бактериологиялық)

-рентгенологиялық, функциональдық  (ультрадыбыстық зерттеу, электрокардиография, эндоскопиялық зерттеу (торокоскопия, фибробронхоскопия),

-тұрғындарға сараптау медициналық қызметі: науқастардың еңбекке қабілеттілігін ,бозбалалардың денсаулығын сараптау.

-тұрғындар арасында туберкулездің алғашқы белгілері және алдын-алу, салауатты өмір салтын қалыптастастыру мақсатында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу.

Мекеме заңды тұлға ретінде нормативтік-құқықтық актілерге,заңдарға және қаулыларға сүйеніп жасалған мекеменің ережесі негізінде мекеменің мақсаттарын айқындайды.

Мандатта мекеменің құрылымы,шешімдердің қабылдану реттілігі, кіріс көздері барлығы көрсетіледі.

Облыстық фтизиопульмонология орталығы  туберкулезге күмәнді науқастарға қосымша зерттеулер жасау арқылы кеңес, туберкулезбен ауырған ересектерге, балалар мен жасөспірімдерге ауруханалық медициналық көмек, орталықтандырылған дәрігерлік кеңес беру комиссиясы  арқылы науқастардың клиникалық диагноздарын негіздеу,типін  анықтау, емдеу үлгілерін беру және кеңес,ұсыныстар беру, хирургиялық көмек,тіс ауруларына терапиялық және хирургиялық жолмен  емдеу, эндоскопия, УЗИ, торокоскопия, клинико-диагностикалық және бактериологиялық зертхана, рентген,физиотерапия және реабилитациялық  көмектері  көсетіледі.Науқастарға ақысыз кепілдендірілген медициналық көмек көрсетіледі

Ресурсы:

Мекеме қызметкерлері

Қажетті құжаттар:

Жауапты маман тағайындалғаны туралы бұйрық.

Жиналыс хаттамасы-мекеме миссиясы мен құндылығын талқылау.

Қызметкерлермен өзара байланыс

Кәсіпорын қойылған мақсаттарынКәсіпорын қойылған мақсаттарынске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

1)шұғыл медициналық көмек көрсету;

2)ересек тұрғындарға және балалар мен жасөспірімдерге лицензия негізінде мына мамандықтар бойынша консультативтік-диагностикалық және стационарлық медициналық көмек көрсету және ұйымдастыру;

2.1) фтизиатрия (ересектер және балалар);

2.2)физиотерапия (ересектер және балалар);

2.3) анестезиология-реаниматология;

2.4) хирургия (торакальды,абдоминалды);

2.5)гинекология (аборттан басқа,тек  қаралуда жатқан науқастарға);

2.6) уролгия;

2.7)стоматология(терапевтік,хирургиялық, тек қаралуда жатқан науқастарға);

2.8) невролгиялық;

2.9) нефрологиялық;

2.10) эндокринологиялық;

2.11) психологиялық;

2.12) психиатриялық;

2.13) офтольмологиялық;

2.14) остеологиялық;

2.15) диетологиялық (емдік тамақтану);

2.16) эксперттік;

2.17) кардиологиялық;

2.18) емдік плазмофорез;

2.19) трансфузиология;

2.20) емнен бас тартып  жүрген туберкулездің микобактерияларын бөлетін, науқастарды мәжбүрлеп емдеу;

2.21) созылмалы науқастарды паллиативті(симптоматикалық) емдеу;

2.22) қайта қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;

2.23)дәріхана (дәрі-дәрмектерді жасау, фармацевтикалық қызмет, прекурсор ларды, психотропты заттар, есірткі құралдары айналымы саласындағы қызмет  (құрылымдық бөлімшелер бойынша тарату, пайдалану, жою, тарату, сатып алу және сақтау), жұмылдыру резервіндегі дәрілік заттар  ды  жаңарту;

3) диагностика түрлерін жүргізу және ұйымдастыру;

3.1) зертханалық (жалпы клиникалық,биохимиялық, бактериологиялық зерттеулер, иммуноферменттік анализ (ИФА) ,полимеразды тізбектегі реакция(ПЦР): G-xpert. Haun-тест );

3.2) рентгенологиялық;

3.3) эндоскопиялық (фибробронхоскопия,фиброгастроскопия,тарокоскопия);

3.4) ультрадыбыстық;

3.5) электрокардиографиялық;

3.6) спирографиялық;

3.7) аудиометриялық;

4) медициналық реабилитология;

4.1) физиотерапия;

4.2) массаж (тек қаралуда жатқан науқастарға);

4.3) емдік дене шынықтыру;

5) педагогикалық және тәрбиелік жұмысы;

5.1) тәрбиеші (балаларды 1-11 класқа дейін оқыту);

5.2) дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерін туберкулезге қарсы күрес бағдарламасы негізіне оқыту;

    6) облыс халқының денсаулығын қорғауға бағытталған Республикалық және өңірлік медициналық-әлеуметтік мақсаттағы бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

    7) салауатты өмір салтын насихаттау, адам денсаулығын нығайту және аурулардың алдын-алу мақсатында іс-шаралар жүргізу және ұйымдастыру;

    8) қазіргі заманғы  озық медициналық және медициналық емес құрал-жабдықтарды,құрылғыларды сатып алу және мамандарды шетелдерде оқыту үшін шетелдік, жергілікті және халықаралық қайырымдылық қорларының инвестициясын тарту;

    9) медициналық эксперттік сараптамалық қызмет: еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптамасы, бозбала денсаулығы жағдайының сараптамасы

(әскери-медициналық);

    10) барлық қалалық және аудандық емдеу- профилактикалық мекемелерінде  мориторингтар жүргізу;

    11) туберкулезді бақылау Ұлттық бағдарламасы бойынша барлық емдеу-профилактикалық мекемелерінде үйлестіру,емдеу-профилактикалық және ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарын жүргізу;

    12) ауруханаішілік  инфекциялық бақылауды қадағалау; салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында халықтың және науқастың санитарлық сауаттылығын арттыру,эпидемиология;

    13) емдеу-сауықтыру шараларды ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының алыс және жақын шет елдеріне клиникалық және ғылыми  орталықтарымен  қарым қатынас жсау,ғылыми зерттеу институттары мен орталықтармен бірлесіп ғылыми жұмыстар жүргізу,анықсыз науқастарға кеңес алу үшін Қазақстан Республикасының ғылыми потенциалын тарту,Кәсіпорын тәжірбиесіне медицина ғылымының жетістіктерін,диагностикалау мен емдеудің озық әдістерін енгізу, жаңа дәрілік заттарды сынақтан өткізу, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізу;

    14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы медициналық қызмет көрсетуді (лабораториялық зерттеу:бактериологиялық, клинико-диагностикалық,рентгенологиялық, эндоскопиялық зерттеу,УЗИ, функциональды диагностика,дәрігерлердің кеңесі,мобильдік топ қызметі,стоматологиялық қызмет (жұлу және пломба салу),анықтама беру және ұйымдастыруды жетілдіруді жүргізу;

    15) медицина ұйымдардың медицина қызметкерлерін үздіксіз кәсіби дамытудың,сонымен қатар үздіксіз кәсіби дамудың бір бөлігі болып табылатын қосымша білім беруді қамтамасыз ету; дәрігерлермен орта буынды медицина қызметкерлерінің мамандандырылуын және біліктілік деңгейін көтеруді, жоғары оқу орындарының және медициналық коллндж студенттерінің дипломнан кейінгі дайындығын өткізу, оқуын ұйымдастыру;

    16) кәсіпорында төтенше жағдайлар медицинасының жұмысын ұйымдастыру(ТЖМ)

    17) ауруханалық және ауруханадан тыс қызметтердің үйлесімді даумуын ұйымдастыру және біріктіру;

    18) кәсіпорынның қосымша қызметтерінің (коммуникация,лифт жүйесі, жылу орталығы,кір жуу шаруашылығы,т.б)үздіксіз бірқалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

    19) оташылдық,биопсия және секциялық материалдарға, макро және микроскопиялық, қажетті жағдайда бактериологиялық,вирусологиялық және биохимиялық,зерттеулерді жүргізу арқылы кеселдерді анықтау;

    20) адам денсаулығының жағдайын және кәсіпорын жұмысын айқындайтын медициналық-статистикалық ақпараттарды өңдеу және талдау;

    21) елді мекендердегі емдеу-профилактикалық мекемелерге мамандандырылған ұйымдастыру-әдістемелік және емдеу профилактикалық жұмысына бағдар беру;

    22) науқастың қайтыс болу себебін анықтау;

    23) диагностикалық және емдеу жұмыстарының сапасына талқылау жүргізу;

    24)емдеу мекемелерінде клиникалық-анатомиялық конференцияларда ұйымдастырып өткізу;

    25 ) Сапа менеджментінің стандарттарын енгізу және жаңашыл медициналық технологияларды дамыту арқылы-жетекшілік ұстанымды жаулап алу.Қолжетімділік пен экономикалық пайдалылығын бір уақытта жоғарлатуымен, сапалы медициналық қызмет көрсетудің тиімді жүйесін қалаыптастыру;

Басты құндылықтар:

-қайырымдылық-бәсекеге қабілетті бағалар бойынша жоғары сапалы қызметтерді ұсыну үшін әр бөлек алынған пациенттің қажетсіну бағасы;

сыйластық-пациенттердің абыройын және жеке басын сыйлау;

тұтастық-жарияланған  қағидаттар мен жоғарғы стандарттарды сақтау, пациенттерге қатысты және дәл солай « Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК ұжымының ішінде де сенімділіктің және әдептіліктің жоғарғы деңгейін көрсету;

алқаластық-тұрақты өзін өзі тексеру және қызметтесу, және де жауапкершілік пен жұмыс көлемі тепе-теңдігі негізінде сенімділік жүйесін құру;

жайдарлылық-жеке бас және ұжымдық әрекеттерде шындық пен әдептәләк қағидаттарын сақтау;

кәсіпқойлық- үнемі даму және білім алу негізінде «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК ұжымы мен пациенттердің игілігіне жоғарғы нәтижеге жетуге тәжірбие мен мүмкіндіктерді,өзінің ең үздік білімдерін бағыттау.

 

Біздің негізгі міндеттеріміз бен құндылықтарымыз адамдар мен қоғамға қызмет етуге бағытталғанына біз нақты сенімдіміз;

Біз өзіміздің әрекеттерімізге жауаптымыз екніне нақты сенімдіміз;

Біз өзіміздің идеяларымыздың тиімді және шынайы орындалуына;

Біз қызметететін қоғам игілігіне тұрақты және мықты қызметтесуінің дамуына сенмдіміз;