ФинIQ – қаржылық сауаттылық деңгейін анықтайтын тест 2025 жылғы 10 мен 20 қазан аралығында Қаржы мониторингі агенттігі «Заң мен Тәртіп» және «Адал Азамат» тұжырымдамаларын ілгерілету мақсатында, «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы мен Halyk Bank қолдауымен республикалық қаржылық қауіпсіздік бойынша диктант өткізеді. Диктант мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру. Тест нәтижесінде әрбір азамат алаяқтық схемалардан қорғану дағдыларын меңгереді. Диктант онлайн тест форматында өтеді. Сұрақтар күрделілігіне қарай бірнеше деңгейге бөлінген. Диктантқа кез-келген адам қатыса алады. Қатысушылар тестті бірнеше мәрте өтуге құқығы бар, сондай-ақ алдын-ала оқу материалдарымен танысу мүмкіндігі бар. Диктантты өткен әрбір қатысушыға сертификат табысталады. Қысқа уақытта ең жоғары балл жинағандарға шараның ресми серкітесі Halyk Bank атынан арнайы сыйлықтар қарастырылған. «ФинIQ» республикалық диктантына қосылыңыз – қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз! 📞 Call-center: 1458

https://amlacademy.kz/finiq

Облыстық фтизиопульмонолия орталығының  клинико-диагностикалық зертханасында : биохимиялық,гематологиялық, жалпы клиникалық,иммунологиялық зерттеулер жүргізіледі. КДЛ автоматты анализаторлармен : Биохимиялық -«А-15» ,«RESPONS-920». Гематологиялық - «Sysmex.XP-300», «NIHON KONDEN». Иммуноферменттік - «iFLASH-1800», Иммунофлюоросценттік-«iCHROMA Reader»   Коагулогиялық «COAX » , Электролит «AUDICOM » анализаторларымен жабдықталған.

Клинико-диагностикалық зертхана озық технологиялар мен жоғары дәлдікті жабдықтарды пайдалана отырып ,зертханалық зеттеулерді жүзеге асырады, бұл нәтижелердің сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бөлім меңгерушісі Кабдулова Фатима Абилхасановна жоғарғы дәрежелі дәрігер лаборант.Жұмыс өтілі 23 жыл. Оның басшылығымен лабораториялық зеттеулер енгізілген : ферменттердің белсенділігін анықтау ( альфа-амилаза,сілтілік фосфотаза,липаза), сулы-тұзды көрсеткіштер (кальций,калий,натрий,магний), альфа-фетопротейн, гликолизированный гемоглобин,ревматойдтты фактор, тропонин, прокальцитонин,Д-димер, антистрептолизин «О», ANA, витамин Д және В12, фолиевый қышқылы,гармондар: анти-ТПО, ТТГ,Т3,Т4 және онкомаркелер-СА19-9, NSE ,CYFRA 21-1, СЭА  зерттеулерін жасалуына үлес қосуда.

Аманкараева Айгуль Аманкосовна бірінші санатты дәрігер лаборант.2007 жылдан бері еңбек етуде .Казіргі таңда 1-ғимарат зертханасында биохимиялық,гематологиялық,жалпы клиникалық зеттеулер жүргізуде.Зертханада преаналитикалық, аналитикалық,постаналитикалық зерттеулердің жасалуы мен нәтижелерін  ұйымдастырады.

   Кушенова Алтын Сартайқызы  аға лаборант  1995 жылдын бері  жұмыс жасауда.Барлық медициналық және шаруашылық есеп беруді ұйымдастырады, лабораториялық жабдықтардың жағдайын және олардың мінсіз жұмыс жасалуын ұдайы қадағалап отырады.