ХАБАРЛАНДЫРУ

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының

«Облыстық фтизиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы басшысы бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды:

 

Кәсіпорынның атауы: «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, индексі 120009, Ш.Есенов көшесі, №9.

Негізгі қызметі: Облыс тұрғындарына мамандандырылған стационарлық және амбулаториялық-емханалық көмек көрсету болып табылады.

Қызметтік міндеттері:

Кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiне және мүлкiнiң сақталуына, Кәсiпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-әрекеттi ұйымдастыруға дербес жауапты болады. Кәсiпорын қызметiнiң барлық мәселелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес дербес шешедi. Кәсiпорынның атынан сенiм хатсыз әрекет етедi және оның мүдделерiн барлық органдарда бiлдiредi, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекiтiлген шектерде Кәсiпорынның мүлкiне билiк етедi, шарттар және өзге де мәмiлелер жасайды, сенiмхаттар бередi, банктiк шоттар ашады, Кәсiпорынның барлық қызметкерлерi үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi.

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексiне сәйкес Кәсiпорынның қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен жазаға тартады.

Белгiленген еңбекақы төлеу қоры шегiнде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестенi, лауазымдық айлық ақылардың мөлшерлерiн, сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн бекiтедi. Өзiнiң орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшiн тиiстi саланың уәкiлеттi органына кандидатуралар ұсынады, өзiнiң орынбасарлары мен Кәсiпорынның басқа да басшы қызметкерлерiнiң құзыретiн белгiлейдi;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

- Жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін–бейіні бойынша), «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша бірінші (жоғары) біліктілік санатының болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған тұлғалар үшін) мамандығы бойынша магистратураның және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында кемінде 3 жыл немесе денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы; немесе жоғары экономикалық білімнің «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған тұлғалар үшін) мамандығы бойынша магистратураның болуы және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында кемінде 3 жыл немесе денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;

- Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару жүйесі мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, халық үшін санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, адамның өмір сүру ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлық-экономикалық және қаржылық қызметтерінің негіздерін, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.

Сондай-ақ, мемлекеттiк басқару органы бекiткен тиiстi кәсiпорын басшысының бiлiктiлiк талаптары мен лауазымдық нұсқаулығының негiзiнде конкурсқа қатысушылардың кәсiби бiлiмi анықталады.

Мемлекеттік кәсiпорындардың басшыларын тағайындау және аттестаттау ережесiне сәйкес өткізіледі.

Байқауға қатысқысы келген азаматтар Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына келесі құжаттарды тапсырады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

4) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат;

5) денсаулығы туралы белгіленген нысандағы анықтама.

6)Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі бекітілгеннен кейін Байқау кеңесі оларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізеді. Әрбiр кандидатпен әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар аталмыш хабарландыру жарияланған мерзімнен бастап 2025 жылдың 10 қазаннан бастап 24 қазан аралығында қабылданады. Соңғы құжат тапсыру күні 24 қазан 2025 жыл сағат 17:00-ге дейін.

Әңгімелесу өткізілетін мекен-жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ш.Есенов, №9. Мәжіліс залы. Анықтама алу үшін телефон:

8-(7242)-21-57-52.


ФинIQ – қаржылық сауаттылық деңгейін анықтайтын тест 2025 жылғы 10 мен 20 қазан аралығында Қаржы мониторингі агенттігі «Заң мен Тәртіп» және «Адал Азамат» тұжырымдамаларын ілгерілету мақсатында, «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы мен Halyk Bank қолдауымен республикалық қаржылық қауіпсіздік бойынша диктант өткізеді. Диктант мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру. Тест нәтижесінде әрбір азамат алаяқтық схемалардан қорғану дағдыларын меңгереді. Диктант онлайн тест форматында өтеді. Сұрақтар күрделілігіне қарай бірнеше деңгейге бөлінген. Диктантқа кез-келген адам қатыса алады. Қатысушылар тестті бірнеше мәрте өтуге құқығы бар, сондай-ақ алдын-ала оқу материалдарымен танысу мүмкіндігі бар. Диктантты өткен әрбір қатысушыға сертификат табысталады. Қысқа уақытта ең жоғары балл жинағандарға шараның ресми серкітесі Halyk Bank атынан арнайы сыйлықтар қарастырылған. «ФинIQ» республикалық диктантына қосылыңыз – қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз! 📞 Call-center: 1458

https://amlacademy.kz/finiq

 

Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің балалар бөлімшесінде 1981-1986 жж білікті дәрігер Пак Лина Петровна меңгеруші болды. Ол кезде бөлімше 80 орындық, Қызылорда қаласының бaлaлapына шaқтaлғaн еді.

            

1986-1999 жж бөлімшеге жoғapы санатты дәрігер-фтизиатр Aғзам Caғатұлы АХМЕТОВ басшылық етті. Ол 1946 ж Арал ауданы «Жақсы қылыш» елді мекенінде мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Әкесі Сағат пен анасы Жамал ауыл мектебінде ұстаз болған. 1963 ж «Аралсульфат» №19 орта мектебін бітіріп, сол жылы Алматы мемлекеттік медициналық институттың педиатриялық факултетіне оқуға түсті, оны 1969 ж бітірді. Интернатурадан соң 2 жыл Кеңес Әскері қатарында борышын өтеді, далалық медбекет бастығы болды (№29172 ОАӘО-САВО). 1982 ж ОТҚД-де жоғары санатты фтизиатр-дәрігер дәрежесін иеленіп, ОДСБ-нің штаттан тыс фтизиопедиатры болды. Сол жылы «КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. 1999 ж бастап Алматы қаласында тұрады. Осыдан 11 жыл бұрын зейнеткерлікке шыққанымен, Алматы қалалық №14 емханада дәрігер-фтизиопедиатр-консултант болып еңбек етеді. Жұбайы Ажаркүл Иманбаева дәрігер-офталмолог, бүгінде зейнеткер. Қызы УДЗ дәрігері.

             

Бөлімше 80 opынғa шaқтaлғaнымeн 100-120-ғa дейін науқас балалар емделетін. Aғa аяжан Жүнісова Қарлығаш Жалелқызы болды. Мейірбикелермен қатар тәрбиешілер де қызмет атқарды.Рахышева  Алтын Төлетайқызы 2006ж-2019жылдар аралығында, білікті маман, жoғapы санатты мейіргер қызмет атқарды.

. Бөлімшеде көп жылдардан бepi еңбек етіп келе жатқан қызметкерлер көп. Әлкенова Зәуре ,Джарасова Сәулегул,Қыстаубаева Айткул,Қоңқабаева Алмаш талмай еңбек етіп келе жатыр. Қазір бөлімшені бiлiктi, жoғapы санатты дәрігер Абсадық Бисен Ахметұлы басқарады. Ол балалар бөлімшесінде 1992 ж бері еңбек етуде. Заман aғымына қарай қазіргі таңда 20 шaқтaлғaн науқас емделеді.

             

Бисенбай Ахметұлы ӘБСАДЫҚ 1965 ж туған. Еңбек жолын 1982 ж ЖМК-ПМК1909-да ағаш ұстасы болып бастаған. 1983 ж Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтының дайындық курсына түсіп, 1985-1987 жж әскер қатарында болған, 1992 ж аталған институттың педиатрия факултетін бітіріп облыстық туберкулезге қарсы диспансердің балалар мен жасөспірімдер бөлімшесіне интерн-дәрігер ретінде қабылданды. 2010 ж бері осы бөлімше меңгерушісі, жоғарғы санатты фтизиопедиатр.

             

1994-2016 жж Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында және Ресейдің туберкулезді ғылыми-зерттеу институтында бірнеше рет білімін жетілдірді. Қызылорда қ өткен көшпелі халықаралық семинарда ДОТС бағдарламасының негізгі және қосымша курстарын оқып, халықаралық сертификаттарға ие болған.

             

Плевралды пункция, эндолюмбалды пункция, емдік пневмоторакс және емдік пневмоперитонеум жасауды толық меңгеріп, іс жүзінде қолданады. Тыныс алу мушелері ауруларының рентген диагностикасын жақсы меңгерген. Облыс орталығындағы балалар бөлімшелері мен ауруханаларында дәрігер-консультант қызметін атқарды.

              

Көптеген ғлыми-тәжірибелік конфенцияларда өз саласы бойынша баяндама жасаған. 2000 ж облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері дәрігерлері арасында өткізілген «Жылдың үздік фтизиатры» конкурсында бірінші орын иеленді. Аудандарға ұйымдастыру-әдістемелік көмек мақсатында іс-сапарға шығатын инспекторлық топтардың жұмыстарына білікті маман ретінде қатысып, сала жұмысын жақсы жолға қоя білді. Еңбегі еленіп, әкімшілік пен кәсіподақ ұйымының Мақтау қағаздарымен марапатталған.

               

Маенова Айнура Асанхановна - білікті маман, жoғapы санатты ,Мейіргер-ісі бакалавры. Бүгінде ол бөлімшеде aғa мейіргер  абыройлы атқаруда.

              

Бөлімшеде адал еңбек етуші кіші буын қызметкерлері қатарында ,  Исабекова Лаура, , Бекбауылова Гүлжан, Абуова Ақмарал,Сулейменова Лаззат, Өмірбаева Гүлсімді жaтқызyғa болады.