ФинIQ – қаржылық сауаттылық деңгейін анықтайтын тест 2025 жылғы 10 мен 20 қазан аралығында Қаржы мониторингі агенттігі «Заң мен Тәртіп» және «Адал Азамат» тұжырымдамаларын ілгерілету мақсатында, «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы мен Halyk Bank қолдауымен республикалық қаржылық қауіпсіздік бойынша диктант өткізеді. Диктант мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру. Тест нәтижесінде әрбір азамат алаяқтық схемалардан қорғану дағдыларын меңгереді. Диктант онлайн тест форматында өтеді. Сұрақтар күрделілігіне қарай бірнеше деңгейге бөлінген. Диктантқа кез-келген адам қатыса алады. Қатысушылар тестті бірнеше мәрте өтуге құқығы бар, сондай-ақ алдын-ала оқу материалдарымен танысу мүмкіндігі бар. Диктантты өткен әрбір қатысушыға сертификат табысталады. Қысқа уақытта ең жоғары балл жинағандарға шараның ресми серкітесі Halyk Bank атынан арнайы сыйлықтар қарастырылған. «ФинIQ» республикалық диктантына қосылыңыз – қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз! 📞 Call-center: 1458

https://amlacademy.kz/finiq

№7 бөлімше- Көптеген дәріге  тұрақты  туберкулез  науқастарына арналған Облыстық фтизиопульмонология орталығының №7 бөлімше Көптеген дәріге  тұрақты туберкулез наукастарына арналған 2023 ж 06 қаңтардан  20 төсек-орынға кенейтіліп , оның ішінде 5 төсек орны  мәжбүрлеп емдеуге, 5 төсек орын  I Гтоп паллиативті ем болып  Тасбөгет қыстағында ашылды. Бөлімше меңгерушілігіне Даурен Калиевич Женсікбаев   тағайындалды. 2021 жылдан  бері бөлімше меңгерушісі Д.К.Женсікбаев.

 Бұл бөлімше 2013 ж қалалық туберкулезге қарсы диспансерінің құрамына кіріп, төсек саны кеңейтілді. 2017 ж «Ауқымды дәрілерге көнбейтін туберкулез» науқастарына арналған 25 төсектік бөлімше болып қайта ашылды.

        

Бөлімше меңгерушісі  Даурен Калиевич Женсікбаев  Ақтөбе медициналық  институтын 1993 жылы  бітіріп, өз еңбек жолын  Байқоныр қаласында  фтизиатр мамандығы боиынша қызмет жасап келді.  Оның өз саласындағы жемісті еңбегі бірнеше рет алғыс хаттармен және  облыстық денсаулық сақтау басқармасының грамотасымен марапаталды.     

№7 бөлімше аға мейіргері – Гүлсьараш Ибрагимқызы Елеусинова   Еңбек өтілі - 39 жыл. Жоғарғы дәрежелі мейіргер. Бірнеше рет  әкім алғыс хаттармен , Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасымен  және 2023жылы Ұлттық Медициналық Ассоцасиясы  Қазақстан Республикасы  халқының өмірі  мен денсаулығын сақтауға сіңірген абройлы еңбегі » Мамандығына адалдығы үшін«марапатталған. Жоғарғы дәрежелі мейіргерлер. Қолданбалы Бакалавр мамандығы бойынша қосымша оқыған.

Бөлімшеде 9 мейіргер және 12 тазалықшы еңбек етеді.

         

Жоғарғы санатты – 8 мейірбике ( Елеусинова Гульсараш Ибрагимқызы , Садвақасова Жанар, Уайсова Жанар, Жақсылықова Гулнар ,Жанахметова Марита, Абдырова Бахыт, Асанова Самал, Аиманова Қалдыгул ), бірінші санатта – 1 ( Султанова Жамила)

Бөлімше мейіргерлерінің басым бөлігінің жұмыс өтілдері - 25-30 жылдан астам. Бәрі өз ісінің маманы.

         

Кіші буын қызметкерлері - 12. Гулсара Орымбаева шаруашылық бикесі, көп балалы ана. Тазалықшылар арасында 28 ж жоғары еңбек еткен Убаева Замира 6 бала тәрбиелеп отыр. 4 балалы Айтмағамбетова Әшіркүл, 3 балалы Доспаева Манат еңбеккер жандар. Тазалықшылар Курмангазиева Эльмира, Едренова Жанарым, Ешмуратова Жумакул, Есенбекова Нургул, Сыдыкова Айгерім және Наурызбаева Жаннат бөлімше жұмысының ретті болуына мол үлес қосуды. Ас таратушылар: Карибаева Шырын мен Алимбаева Марал науқастар тағамының жұғымды болуына басты назар аударады.

        

Бөлімшеде 2018 ж бастап жаңа дәрілермен «Жеке ем ережесі» (ИРЛ) бойынша науқастарға ем жүргізіледі.