ХАБАРЛАНДЫРУ

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының

«Облыстық фтизиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы басшысы бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды:

 

Кәсіпорынның атауы: «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, индексі 120009, Ш.Есенов көшесі, №9.

Негізгі қызметі: Облыс тұрғындарына мамандандырылған стационарлық және амбулаториялық-емханалық көмек көрсету болып табылады.

Қызметтік міндеттері:

Кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiне және мүлкiнiң сақталуына, Кәсiпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-әрекеттi ұйымдастыруға дербес жауапты болады. Кәсiпорын қызметiнiң барлық мәселелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес дербес шешедi. Кәсiпорынның атынан сенiм хатсыз әрекет етедi және оның мүдделерiн барлық органдарда бiлдiредi, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекiтiлген шектерде Кәсiпорынның мүлкiне билiк етедi, шарттар және өзге де мәмiлелер жасайды, сенiмхаттар бередi, банктiк шоттар ашады, Кәсiпорынның барлық қызметкерлерi үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi.

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексiне сәйкес Кәсiпорынның қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен жазаға тартады.

Белгiленген еңбекақы төлеу қоры шегiнде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестенi, лауазымдық айлық ақылардың мөлшерлерiн, сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн бекiтедi. Өзiнiң орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшiн тиiстi саланың уәкiлеттi органына кандидатуралар ұсынады, өзiнiң орынбасарлары мен Кәсiпорынның басқа да басшы қызметкерлерiнiң құзыретiн белгiлейдi;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

- Жоғары медициналық білімнің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін–бейіні бойынша), «Денсаулық сақтауды ұйымдастыру» («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті») мамандығы бойынша бірінші (жоғары) біліктілік санатының болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған тұлғалар үшін) мамандығы бойынша магистратураның және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында кемінде 3 жыл немесе денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы; немесе жоғары экономикалық білімнің «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған тұлғалар үшін) мамандығы бойынша магистратураның болуы және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарында кемінде 3 жыл немесе денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық лауазымдарында кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;

- Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару жүйесі мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, халық үшін санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, адамның өмір сүру ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлық-экономикалық және қаржылық қызметтерінің негіздерін, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.

Сондай-ақ, мемлекеттiк басқару органы бекiткен тиiстi кәсiпорын басшысының бiлiктiлiк талаптары мен лауазымдық нұсқаулығының негiзiнде конкурсқа қатысушылардың кәсiби бiлiмi анықталады.

Мемлекеттік кәсiпорындардың басшыларын тағайындау және аттестаттау ережесiне сәйкес өткізіледі.

Байқауға қатысқысы келген азаматтар Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына келесі құжаттарды тапсырады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

4) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат;

5) денсаулығы туралы белгіленген нысандағы анықтама.

6)Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі бекітілгеннен кейін Байқау кеңесі оларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізеді. Әрбiр кандидатпен әңгімелесу барысы техникалық жазба құралдары көмегімен белгіленеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар аталмыш хабарландыру жарияланған мерзімнен бастап 2025 жылдың 10 қазаннан бастап 24 қазан аралығында қабылданады. Соңғы құжат тапсыру күні 24 қазан 2025 жыл сағат 17:00-ге дейін.

Әңгімелесу өткізілетін мекен-жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ш.Есенов, №9. Мәжіліс залы. Анықтама алу үшін телефон:

8-(7242)-21-57-52.


ФинIQ – қаржылық сауаттылық деңгейін анықтайтын тест 2025 жылғы 10 мен 20 қазан аралығында Қаржы мониторингі агенттігі «Заң мен Тәртіп» және «Адал Азамат» тұжырымдамаларын ілгерілету мақсатында, «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы мен Halyk Bank қолдауымен республикалық қаржылық қауіпсіздік бойынша диктант өткізеді. Диктант мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру. Тест нәтижесінде әрбір азамат алаяқтық схемалардан қорғану дағдыларын меңгереді. Диктант онлайн тест форматында өтеді. Сұрақтар күрделілігіне қарай бірнеше деңгейге бөлінген. Диктантқа кез-келген адам қатыса алады. Қатысушылар тестті бірнеше мәрте өтуге құқығы бар, сондай-ақ алдын-ала оқу материалдарымен танысу мүмкіндігі бар. Диктантты өткен әрбір қатысушыға сертификат табысталады. Қысқа уақытта ең жоғары балл жинағандарға шараның ресми серкітесі Halyk Bank атынан арнайы сыйлықтар қарастырылған. «ФинIQ» республикалық диктантына қосылыңыз – қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз! 📞 Call-center: 1458

https://amlacademy.kz/finiq

План работы

 

Положение о наблюдательном совете

 

Положение о секретаре

 

Правила оценки деятельности членов набдюдательного совета и определения лимита выплаты вознаграждения членам наблюдательного совета

 

Заседания

 

 

Председатель Наблюдательного совета 

Кеншимбаева Бакыт Куанышбаевна 

 

Байқау кеңесінің төрайымы, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының экономика сұрақтары жөніндегі орынбасары

 1974 жылы қантар айының 3-ші жұлдызында дүниеге келген.

 1992 -1996жж. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетін бітірген. Түркістан қаласы.

 1996-1998жж. «Ортақшыл» Агроөнеркәсіп фирмасы экономист. Қызылорда қ. 1998-1999жж. Қызылорда облысы Шиелі аудандық қаржы бөлімінің экономист маманы.

1999-2000жж. Қызылорда облыстық қаржы басқармасының аға маманы. 2000-2003жж. Қызылорда облыстық қаржы басқармасының жетекші маманы.

   

23.04.2003-29.09.2003жж. Қызылорда облыстық қаржы басқармасының бас маманы. 

   

2003-2005жж. Қызылорда облысы Шиелі аудандық қаржы бөлімінің бастығының орынбасары. 2005-2006жж. Қызылорда облыстық қаржы департаментінің бөлім бастығы. 2006-2008жж. Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы. 2008-2009жж. ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің эксперті. 2009-2010жж. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің эксперті. 2010-2015жж. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің бас эксперті. 26.05.2015 – осы уақытқа дейін Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының экономика сұрақтары жөніндегі орынбасары.

 

Члены наблюдательного совета 

Тоғызбаев Асылбек  Тоқмырзаұлы

 

«Республикалық медициналық палата» қоғамдық бірлестігінің

 Қызылорда облыстық филиалының директоры

1949 жылы Қызылорда облысы, қазіргі Сырдария ауданының орталығы – Тереңөзек қыстағында  дүниеге келген.

1967 жылы облыс орталығы – Қызылорда қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті үздік бітірген.

 1967-1973 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының «Емдеу ісі» факультетінде оқыған.   

   

2006 жылы Қазақстан академиялық заң және экономика университетінің заң факультетін бітіріп,  заңгер мамандығын алған.

1972-1973 жылдар аралығында Ақтөбе облыстық балалар ауруханасында хирургия бөлімінің медбраты болып жұмыс жасады.

1973 жылы Қызылорда облыстық ауруханасының анестезиология-реаниматология бөлімінде дәрігер болып бастаған.

1982-1990 жылдары облыстық  аурухана бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік  жұмыстар жөніндегі  орынбасары қызметін абыроймен атқарды.  

         1990-1994 жылдары Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері;

1994-1997 жылдары облыстық ауруханының бас дәрігерінің кеңес беру-диагностикалық орталығы жөніндегі орынбасары;

1997-2008 жылдары облыстық ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күресу орталығының бас дәрігері;

2008-2016 жылдары Қызылорда қалалық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарған.  

2016-2019 жылдары Қызылорда қалалық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары қызметін атқарған.

Отбасылы,  4 бала және 14 немере тәрбиелеуде.

  1. «КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі (1988 жыл),
  2. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001 жыл),
  3. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі (2003 жыл),
  4. «Құрмет» ордені (2005 жыл)
  5. Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты (2005-2007 жылдар),
  6. Қызылорда облысы әкімінің алғыс хаты (2007 жыл),
  7. «Қызылорда қаласына 70 жыл» – медалі (2008 жыл),
  8. Қызылорда қаласы әкімінің алғыс хаты (2009 жыл),
  9. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі, (2011 жыл)
  10. «Слава Казахстана» ордені (2013ж.)
  11. Ұлттық бизнес рейтингтер одағының «Қазақстан Көшбасшысы-2013» марапаты.
  12. «Звезда славы. Экономика Казахстана» ордені (2014ж.)
  13. «Қазақстан Республикасының Конституциясына-20 жыл» медалі (2015ж.)
  14. «Қазақстан Республикасының мәслихатының 20 жылдығы» медалі (2015ж.) 

 

Алимкулов Темирхан Маликович

 

Облыстық мәслихат депутаты.

 1956 жылы қыркүйек айының 17 жұлдызында Қызылорда облысының Тартоғай станциясында дүниеге келді.

      1974 жылы Бәйгеқұм қыстағындағы орта мектепті тәмамдаған соң Шиелі ауданындағы №97 СПТУ-да жүргізуші боп еңбек жолын бастаған.

1975-1980 жылдар аралығында Алматы темір жол транспорты инженерлер институтында оқып, инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірді. Сол жылы Бәйгеқұм қыстағындағы ПМК-47 мекемесіне тас қалаушы болып орналасқан ол 1981 жылдың ақпан айынан бастап Шалқар станциясындағы СМП-660 “Ақтөбетрансстрой” мекемесінде учаске мастері, прораб болса, 1984 жылдан бас инженер қызметінде болды.

 

 

 

 1986 жылдың қаңтар айынан Белкөл станциясындағы СМП-510 мекемесінде

 өндірістік-техникалық бөлім бастығы, 1988 жылдың маусым айынан мекеме басшы­сының өндіріс жөніндегі орынбасары, 1992 жылдың желтоқсан айынан бас инженер қызметін атқарды.

1998 жылдың мамыр айында “Желдорстрой” ААҚ СМП-4 мекемесінің директоры болып тағайындалды.

2002 жылдың маусым айында аталған құрылым “СМП-Қызылорда” ЖШС болып өзгертіліп, қазіргі уақытқа дейін осы мекеме басшысы қызметін атқарып келеді.

Отбасылы. 2 ұл, 3 қыз тәрбиелеп, олардан 8 немере сүйіп отыр. 

  1. «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» белгісі  -2011
  2. «Ерен енбегі үшін» медалі * – 2013 ж
  3. Облыс әкімінің Құрмет грамотасы -2014
  4. «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі -2015
  5. «Құрылыс саласындағы еңбегі үшін» ордені
  6. «Шиелі ауданының Құрметті азаматы» атағы-2015
  7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Бизнес-рейтингі бойынша марапаттау – 2015
  8. «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі -2016
  9. «Құрмет» ордені * – 2018
 
     
 

Жарекеев Куаныш

   

Байқау кеңесінің мүшесі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының партиялық бақылау инспекторы

  1973 жылы ақпан айының 25-ші жұлдызында дүниеге келген.

1994 -2002-2016жж. Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогика институтында Қазақ мемлекеттік заң университетінде Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университетінде тарих пәнінін мұғалімі болып жұмыс атқарған.

Заңтану магистрі 1995-1999жж Қызылорда ауыл шаруашылығы инженерлер

   

институты, «Философия және тарих» кафедрасында, ассистент 1999-2012ж.ж Қызылорда политехникалық институт «Құқықтану» кафедрасының оқытушысы 2012-2016жж. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы 2016-2017жж. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының аға оқытушысы 2017 жылдан қазірге дейін «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы партиялық бақылау жөніндегі инспекторы болып жұмыс атқарып келеді. Отбасылы.

 

 

  
 

Әбдіғабит Әбләзімұлы Әбләзім

   «Қызылорда облыстық фтизиопульмонология орталығының» директоры жоғарғы  біліктілік санаты  бойынша денсаулық  сақтау ісін  ұйымдастырушы, медицина  ғылымдарының  кандидаты, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау  ісінің  үздігі.

1964 жылы  қазан айының 24-ші жұлдызында, Қызылорда облысы, Жанақорған ауданында дүниеге келген.

1987 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын  бітіріп, еңбек жолын 1988 жылы Жанақорған аудандық ауруханасында балалар хирургі қызметінен бастады.

   

1987 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын  бітіріп, еңбек жолын 1988 жылы Жанақорған аудандық ауруханасында балалар хирургі қызметінен бастады.

1988 -1991 жылы Төменарық ауылдық ауруханада балалар дәрігері;

1991-1997 жылы Шиелі аудандық ауруханасында хирург, емхананың бас дәрігерінің орынбасары;

1997-1997 жылы Қызылорда темір жол ауруханасында  бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары;

1997-1999 жылы Қызылорда Облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары;

1999-2000 жылы Қызылорда қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі;

2000 - 2004 жылы  Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы  күрес диспансер бас дәрігері;

         2004 жылдан қазіргі таңға дейін - Қызылорда облыстық туберкулезге қарсы  диспансерің  бас дәрігері, қазіргі атауы «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорнының директоры болып қызмет атқаруда;

         Қызылорда Қорқыт-Ата атындағы университетінің экономика факультетін сырттай   окып,  2006 жылы  экономист бакалавр   мамандығын    косымша  игерді.

«Арал  өңірінің  апат аймағындағы ауыл тұрғындары  денсаулығының медициналық-ұйымдастыру аспектілері» такырыбына ғылыми еңбек жазып, корғап медицина  ғылымдарының  кандидаты   дәрежесін иемденді.

28 ғылыми  жұмыстары мен 1авторефераты баспасөз беттерінде  жарияланды.

        Қазақстан  Республикасы халқының  денсулығын  сақтау   ісіне сіңірген  айрықша  еңбегі үшін «Казақстан Республикасы  денсаулық сақтау  ісінің  үздігі»  белгісімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы  Ауғаныстан  және  жергілікті  соғыс ардагерлер одағының  шешімімен «Жергілікті әскери баскару  органдарына 90  жыл» мерекелік медалімен  марапатталды.

2016 жылы  «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

2017 жылы  «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды.

Отбасылы, жұбайы, 4 баласы бар.

     
   
 

Маханбетов Есбол

 

 

 ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының заңгері

1985 жылдың желтақсан айының 1-ші жұлдызында дүниеге келген

2005-2008 жж. Алматы қаласындағы Аль-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін «Заңтану» факультетін бітірген.

2008-2010 жж Аль-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін магистратурасын бітірген.

 2011-2012 ж.ж ТОО «Kazakhstan Collector Company» жұмыс жасаған.

   

 2012 жылдан қазіргі таңға дейін ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының заңгері болып жұмыс жасап келеді.

Отбасылы

 
 

Такиров Алмас Такирович

   

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының  құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып-алулар бөлімінің маманы

1988 жылдың желтақсан айының 18-ші жұлдызында дүниеге келген

01.07.2010-09.11.2010жж. Қармақшы аудандық почта байланыс орталығының 

 «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша есем және аудит маманы

     

01.12.2010-05.08.2013 жж. Қармақшы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің инспекторы

12.08.2014 жылдан қазіргі таңға дейін Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының экономист маманы