ФинIQ – қаржылық сауаттылық деңгейін анықтайтын тест 2025 жылғы 10 мен 20 қазан аралығында Қаржы мониторингі агенттігі «Заң мен Тәртіп» және «Адал Азамат» тұжырымдамаларын ілгерілету мақсатында, «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы мен Halyk Bank қолдауымен республикалық қаржылық қауіпсіздік бойынша диктант өткізеді. Диктант мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру. Тест нәтижесінде әрбір азамат алаяқтық схемалардан қорғану дағдыларын меңгереді. Диктант онлайн тест форматында өтеді. Сұрақтар күрделілігіне қарай бірнеше деңгейге бөлінген. Диктантқа кез-келген адам қатыса алады. Қатысушылар тестті бірнеше мәрте өтуге құқығы бар, сондай-ақ алдын-ала оқу материалдарымен танысу мүмкіндігі бар. Диктантты өткен әрбір қатысушыға сертификат табысталады. Қысқа уақытта ең жоғары балл жинағандарға шараның ресми серкітесі Halyk Bank атынан арнайы сыйлықтар қарастырылған. «ФинIQ» республикалық диктантына қосылыңыз – қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз! 📞 Call-center: 1458

https://amlacademy.kz/finiq

28 - ші ақпан 2025 жылы Инкардария елді мекенінің актовый залында Ия! Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттенеміз, қаржы құямыз, әрекет етеміз ұранымен акция өтті.
Акцияның басты мақсаты туберкулез бен оның негізгі белгілері және себептері;
Акцияға:
Облыстық фтизиопульмонология орталығының фтизиатр дәрігері - Маханова Камшат Рысқалиқызы, 
Облыстык балалар мен жасөспірімдер арасындағы туберкулёз мәселелері бойынша уйлестируші. Облыстык штаттан тыс фтизиопедиатр - Сагиндиков Ержан Кенесович, 
Сырдария аудандық ауруханасының фтизиатр дәрігерлері - Ибраймова Лаззат Жанабаевна, фтизиопедиатр Ибраймова Анар Жанабаевна, 
Аудандық санитарлық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау, қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің басшысы - Балтабаев Данияр Сағидоллаұлы, 
Сырдария аудандық емхана эпидемиологы - Г. Исаева,
Инкардария ауылдық фельдшері - Қонақбаева Гулмира, 
Сырдария аудандық емхананың химизаторы - Тұрғазиева Ғазизаның қатысуыменен өтті.
Акцияда Туберкулез бен оның негізгі белгілері және себептері;
- Алдын алу әдістері. Вакцина, гигиеналық шаралар, тұрақты медициналық тексерулер;
Акцияға 120 оқушы және оқутышылар қатысып, үнпарақтар таратылды.