ФинIQ – қаржылық сауаттылық деңгейін анықтайтын тест 2025 жылғы 10 мен 20 қазан аралығында Қаржы мониторингі агенттігі «Заң мен Тәртіп» және «Адал Азамат» тұжырымдамаларын ілгерілету мақсатында, «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы мен Halyk Bank қолдауымен республикалық қаржылық қауіпсіздік бойынша диктант өткізеді. Диктант мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру. Тест нәтижесінде әрбір азамат алаяқтық схемалардан қорғану дағдыларын меңгереді. Диктант онлайн тест форматында өтеді. Сұрақтар күрделілігіне қарай бірнеше деңгейге бөлінген. Диктантқа кез-келген адам қатыса алады. Қатысушылар тестті бірнеше мәрте өтуге құқығы бар, сондай-ақ алдын-ала оқу материалдарымен танысу мүмкіндігі бар. Диктантты өткен әрбір қатысушыға сертификат табысталады. Қысқа уақытта ең жоғары балл жинағандарға шараның ресми серкітесі Halyk Bank атынан арнайы сыйлықтар қарастырылған. «ФинIQ» республикалық диктантына қосылыңыз – қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз! 📞 Call-center: 1458

https://amlacademy.kz/finiq

Директор

Әмір Нұрлан Әмірұлы

 

Жеке басы туралы мәлімет:

 Әмір Нұрлан Әмірұлы

Туған жылы, айы, күні: 25.10.1968жж

Білімі:

Жоғарғы білімді:

1986-1994 жылы Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «Дәрігер» мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірбиесі:

       Еңбек жолын 1994 жылы 08 тамызынан бастап, Шиелі аудандық ауруханасының реанимация бөлімінде дәрігер анестезиолог-реаниматолог мамандығы бойынша бастаған.

       2003 жылдың 31 желтоқсанында Шиелі аудандық ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалған.

       2009 жылы 07 шілдесінде Шиелі аудандық ткберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері қызметіне тағайындалған.

       2010 жылдың 02 наурызында Шиелі аудандық емханасының бас дәрігері қызметін атқарған.

       2013 жылдың 27 қыркүйегінен бастап Шиелі аудандық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері.

       2016 жылдың 05 желтоқсанынан бастап, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының 01.11.2016 жылғы №1254 бұйрығына сәйкес, Шиелі аудандық туберкулезге қарсы диспансерінің қызметі тоқталып «Амбулаториялық-емханақызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі болып қайта құрылуына байланысты «Туберкулезге қарсы» бөлімшесі меңгерушісі лауазымына атқарған.

    2019 жылдың 28 мамырында Шиелі ауданаралық ауруханасының «Аурухана» бөлім меңгерушісі.

    2019 жылдың 31 мамырынан Шиелі ауданаралық ауруханасының бас дәрігері.

    2023 жылдың 2 қазан айынан бастап Қызылорда облыстық фтизиопульмонология орталығы директордың пациенттерді қолдау және ішкі аудит жөніндегі орынбасары.

    2023 жылдың 17 қазан айынан бастап директордың уақытша міндетін атқару қызметіне тағайындалған.

    2023 жылдың 9 қарашасынан бастап облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры болып тағайындалды.

Марапаттары:

    2020 «Әбділда Тәжібаевқа -110 жыл» «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» «Шиелі ауданына 95 жыл»,

    2021 жылы Шиелі аудан әкімінің «екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, күрішші Ыбырай Жақаевтің 130 жылдық» медальдарымен,

 2021 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» «Белсенді қызметі үшін» төс белгісімен, «Ұстаз жолы» қоғамдық қорының «Құрмет грамотасы» Қызылорда облыс әкімінің және «Nur Otan” Н.Назарбаевтің Алғыс хаттарымен марапатталған.