ФинIQ – қаржылық сауаттылық деңгейін анықтайтын тест 2025 жылғы 10 мен 20 қазан аралығында Қаржы мониторингі агенттігі «Заң мен Тәртіп» және «Адал Азамат» тұжырымдамаларын ілгерілету мақсатында, «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы мен Halyk Bank қолдауымен республикалық қаржылық қауіпсіздік бойынша диктант өткізеді. Диктант мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру. Тест нәтижесінде әрбір азамат алаяқтық схемалардан қорғану дағдыларын меңгереді. Диктант онлайн тест форматында өтеді. Сұрақтар күрделілігіне қарай бірнеше деңгейге бөлінген. Диктантқа кез-келген адам қатыса алады. Қатысушылар тестті бірнеше мәрте өтуге құқығы бар, сондай-ақ алдын-ала оқу материалдарымен танысу мүмкіндігі бар. Диктантты өткен әрбір қатысушыға сертификат табысталады. Қысқа уақытта ең жоғары балл жинағандарға шараның ресми серкітесі Halyk Bank атынан арнайы сыйлықтар қарастырылған. «ФинIQ» республикалық диктантына қосылыңыз – қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз! 📞 Call-center: 1458

https://amlacademy.kz/finiq

Туберкулездің алдын алу жолдарын насихаттаған сала мамандарымен өткен семинар 23 - ші қаңтарда 2025 жылы М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің оқытушылары мен колледж медбикесі - Айжанова Гулжахан Махатайқызы және Алпыс Айдана Ерболатқызы ұйымдастыруымен семинар өтті. 
Семинардың басты мақсаты: Туберкулездің алдын алу және түрлі жұқпалы аурулардан сақтану шаралары туралы, вакцинацияның маңыздылығы жөнінде түсіндіру.
Семинарға:
Облыстық фтизиопульмонологиялық орталығының Адвокация коммуникация әлеуметтік жұмылдыру дәрігері - Увашева Мереке Калмаханқызының 
Облыстық салауатты өмір салтын сақтау орталығының валеологы - Алдабергенова Айзат
Қалалық санитарлық эпидемиология бақылау басқармасының маманы Жансақалова Жазира Хамитқызы
жан жақты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетілді, жұқпалы аурулардың алдын алу шараларына тоқтала әңгімелер қозғалды. Барлығы - 50 - ден аса студенттер қатысқан шарада 60 ақпараттық танымдық материалдар таратылды.