ФинIQ – қаржылық сауаттылық деңгейін анықтайтын тест 2025 жылғы 10 мен 20 қазан аралығында Қаржы мониторингі агенттігі «Заң мен Тәртіп» және «Адал Азамат» тұжырымдамаларын ілгерілету мақсатында, «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы мен Halyk Bank қолдауымен республикалық қаржылық қауіпсіздік бойынша диктант өткізеді. Диктант мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру. Тест нәтижесінде әрбір азамат алаяқтық схемалардан қорғану дағдыларын меңгереді. Диктант онлайн тест форматында өтеді. Сұрақтар күрделілігіне қарай бірнеше деңгейге бөлінген. Диктантқа кез-келген адам қатыса алады. Қатысушылар тестті бірнеше мәрте өтуге құқығы бар, сондай-ақ алдын-ала оқу материалдарымен танысу мүмкіндігі бар. Диктантты өткен әрбір қатысушыға сертификат табысталады. Қысқа уақытта ең жоғары балл жинағандарға шараның ресми серкітесі Halyk Bank атынан арнайы сыйлықтар қарастырылған. «ФинIQ» республикалық диктантына қосылыңыз – қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз! 📞 Call-center: 1458

https://amlacademy.kz/finiq

Бүгін Облыстық Фтизиопульмонология орталығында балалар және жасөспірімдер бөлімшесінде қазақ поэзиясының кемеңгер ақыны, Хантәңірінің мұзбалағы, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз "Ғасыр ақыны" атанған Мұқағали Мақатаевтың 94 жылдығына орай "Әр өлеңі - бір әлем" атты мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Сайыс тәрбиеші Құрақбаева Мөлдір Қаржаубайқызы ұйымдастыруыменен өтті. Бөлімшеде емделіп жатқан балалар ақынның "Үш бақытым", "Отан туралы", "Туған жер", "Бүгін менің туған күнім", "Әке, сенің жасыңнан асып барам", "Музаға", "Ғашықпын", "Қазақ жері", "Армысыңдар адамдар", "Мен сені сағынғанда", "Досыма" деген өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сайыс соңында бөлімше меңгерушісі Әбсадық Б.А балаларды арнайы диплом және алғыс хаттармен марапаттады. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай түрлі сыйлықтар табысталды. Мақсатымыз балалар ауруханада жатса да оларға қоғамның бір бөлшегі, бір тұлғасы ретінде көңіл бөлу және адамгершілік тұрғысынан тәрбие беру. Алдағы уақытта да іс - шаралар жалғасын таба бермек.