ФинIQ – қаржылық сауаттылық деңгейін анықтайтын тест 2025 жылғы 10 мен 20 қазан аралығында Қаржы мониторингі агенттігі «Заң мен Тәртіп» және «Адал Азамат» тұжырымдамаларын ілгерілету мақсатында, «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы мен Halyk Bank қолдауымен республикалық қаржылық қауіпсіздік бойынша диктант өткізеді. Диктант мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру. Тест нәтижесінде әрбір азамат алаяқтық схемалардан қорғану дағдыларын меңгереді. Диктант онлайн тест форматында өтеді. Сұрақтар күрделілігіне қарай бірнеше деңгейге бөлінген. Диктантқа кез-келген адам қатыса алады. Қатысушылар тестті бірнеше мәрте өтуге құқығы бар, сондай-ақ алдын-ала оқу материалдарымен танысу мүмкіндігі бар. Диктантты өткен әрбір қатысушыға сертификат табысталады. Қысқа уақытта ең жоғары балл жинағандарға шараның ресми серкітесі Halyk Bank атынан арнайы сыйлықтар қарастырылған. «ФинIQ» республикалық диктантына қосылыңыз – қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз! 📞 Call-center: 1458

https://amlacademy.kz/finiq

2025 жылғы 5 - 6 наурызда Алматы қаласында Жаһандық қордың «Туберкулез» компоненті бойынша 2023 - 2025 жылдарға арналған грант жобасын іске асыру аясында «Қазақстан Республикасында туберкулез, туберкулез инфекциясы жағдайларын басқару» тақырыбында республикалық семинар - тренинг өтуде. ҚР ҰФҒО, ЖҚ ЖІАТ және ҚР ҚДСҰО ұйымдастырған семинар - тренинг аралас (оффлайн/онлайн) форматта өтіп жатыр. Іс - шараға ҚР ДСМ ҰФҒО, ҚР ҚДСҰО, облыстық және қалалық ФПО басшылары мен СЭБД басшыларының орынбасарлары қатысуда. Бұл семинар - тренингтің мақсаты – туберкулез ошақтарында сапалы және уақтылы эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу, балалар мен ересектер арасында алдын алу шараларын жүргізу үшін фтизиопульмонология орталықтарының, санитарлық - эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің және алғашқы медициналық - санитарлық көмек желісінің өзара әрекет етуін жақсарту. Жұмыс топтары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 10.02.2025 жылғы № 78 хаттамалық нұсқауына жауап ретінде негізгі проблемалық мәселелерді талқылап, олар бойынша шешім қабылдайды.

5 - 6 марта 2025 года в г. Алматы проходит Республиканский семинар - тренинг на тему "Менеджмент случаев туберкулёза, туберкулезной инфекции в Республике Казахстан " в рамках реализации проекта гранта ГФ по компоненту "Туберкулез" на 2023 - 2025гг. Организаторы: ННЦФ РК, ГРП ГФ, НЦОЗ МЗ РК. Мероприятие проводится в смешанном (офлайн/онлайн) формате. Участники: МЗ РК ННЦФ РК, НЦОЗ МЗ РК , первые руководители ЦФ городов, регионов, заместители руководителей ДСЭК. Целью данного семинара - тренинга является улучшение взаимодействия между Центрами фтизиопульмонологии, департаментами санитарно - эпидемиологического контроля и сетью ПМСП для проведения качественного и своевременного эпидемиологического расследования в очагах ТБ, профилактических мероприятий среди детей и взрослых. В рабочих группах будут обсуждены основные проблемные вопросы с принятием решений в ответ на Протокольное поручение МЗ РК от № 78 от 10.02.2025.