Ағымдағы жылдың 20 тамызында облыстық фтизиопульмонология орталығында әкімшілік және кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Мектепке жол акциясы» атты іс-шара өткізілді.Акция барысында орталық қызметкерлерінің мектеп табалдырығын алғаш аттағалы тұрған 16 бүлдіршінге мектеп сөмкесі мен мектепке қажетті құрал-жабдықтар табыс етілді. Осы атқарылған іс-шараға қызметкерлер өз ризашылықтарын білдірді.
Ұлы Абай атамыз айтқандай, «Білімге,ғылымға ұмтыл.Анасы туған баласын сүйгендей ,ғылымдыда сүю керек.Сонда ғылымда сағанда солай жауап қайтарады.Адам болу үшін,халқыңа пайдаң тию үшін оқыңдар.Білім- талан-таражға салынбайтын байлық». Мектеп табалдырығын аттағалы тұрған балалардың алар асулары мен бағындырар шыңдары биік,болашақтары жарқын,жетістіктері көп болсын.
https://www.kopd-gs.kz/kz/zhanaly-tar/353-oblysty-fiziopulmonologiya.html#sigFreeId2a321ae692







