Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 22.01.2025жылғы №29 бірлескен бұйрығына сәйкес, туберкулездің ұлттық программасының орындалуының 7 айлық қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 22-тамыз күні №1 Қызылорда әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына МжБ тобы, құрамында топ жетекшісі Г.Рахманбердиева,инфекциялық бақылау үйлестірушісі А.Арыкбаева қатысуымен мониторинг жасалды.
Мониторингтің негізгі мақсаты: Туберкулезді анықтау және диагностикалауды, атап айтқанда жедел әдіс молекулярлы-генетикалық тәсілдің жүргізілуін сараптау, флюорографиялық тексеру жоспары және оның орындалуын бағалау, санитариялық-эпидемиологиялық іш–шаралардың орындалын, құжаттардың толтырылу сапасын сараптау және жиналған ақпараттарды верификациялау болып табылады.
Сонымен қатар орталық қызметкерлеріне «Туберкулезді анықтаудың және диагностикалаудың негізгі қағидаттары», «Инфекциялық бақылау шараларын ұйымдастыру және жүргізу» тақырыптарында семинар сабақ жүргізілді. Семинар барысында сұрақтар қойылып, оларға толыққанды жауаптар берілді.
https://www.kopd-gs.kz/kz/zhanaly-tar/354-oblysty-densauly-sa-tau-bas-armasy-2.html#sigFreeIda3c62ff4d0







