Қазақстан Республикасының «Конституция күні» мерекесіне орай, Облыстық фтизиопульмонология орталығының "Балалар және жасөспірімдер" бөлімшесінде балалар арасында "Заңды білу-заман талабы" атты топтық сайыс ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты:
1.Балаларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру.
2.Адамгершілік,ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру.
3.Балалардың саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру. Заңдарды талдай отырып, өз бетімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу.
Сайысқа қатысқан балалар алғыс хатпен марапатталып, сыйлықтарға ие болды.Болашақ ұрпақтың санасына елге, Отанға деген сүйіспеншілікті сіңіру біздің азаматтық борышымыз.
https://www.kopd-gs.kz/kz/zhanaly-tar/356-konstitutsiya-k-ni.html#sigFreeIde0160c07f2







