ФинIQ – қаржылық сауаттылық деңгейін анықтайтын тест 2025 жылғы 10 мен 20 қазан аралығында Қаржы мониторингі агенттігі «Заң мен Тәртіп» және «Адал Азамат» тұжырымдамаларын ілгерілету мақсатында, «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы мен Halyk Bank қолдауымен республикалық қаржылық қауіпсіздік бойынша диктант өткізеді. Диктант мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру. Тест нәтижесінде әрбір азамат алаяқтық схемалардан қорғану дағдыларын меңгереді. Диктант онлайн тест форматында өтеді. Сұрақтар күрделілігіне қарай бірнеше деңгейге бөлінген. Диктантқа кез-келген адам қатыса алады. Қатысушылар тестті бірнеше мәрте өтуге құқығы бар, сондай-ақ алдын-ала оқу материалдарымен танысу мүмкіндігі бар. Диктантты өткен әрбір қатысушыға сертификат табысталады. Қысқа уақытта ең жоғары балл жинағандарға шараның ресми серкітесі Halyk Bank атынан арнайы сыйлықтар қарастырылған. «ФинIQ» республикалық диктантына қосылыңыз – қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз! 📞 Call-center: 1458

https://amlacademy.kz/finiq

Облыстық фтизиопульмонология орталығының "Балалар және жасөспірімдер" бөлімшесінде 1-қыркүйек «Білім күніне» арналған ашық тәрбие сағаты болды. Балаларды «Білім күні» мерекесімен  бөлім меңгерушісі Б.А.Әбсадық құттықтап,жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Білімді, ақылды, тәрбиелі ұрпақтың бастауы-білім ошақтары. Бұл саланың ел болашағының негізін қалауда алар орны ерекше. Бүгінгі
оқушыларымыздың ата-бабамыздың елі мен жеріне деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, білімді әрі ой-өрісі кең азаматтар болып өсетініне сенімдіміз.Әрбір білімді ұрпақ мемлекеттің жетістігі болары сөзсіз.Білім күні құтты болсын!