Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 22.01.2025жылғы №29 бірлескен бұйрығында көрсетілген кестеге сәйкес туберкулездің ұлттық программасының орындалуының 8 айлық қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 9 -12 қыркүйек аралығында Қазалы аудандық көп бейінді орталық ауруханасы, Қазалы теміржол ауруханасы және Қазалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына МжБ тобы, құрамында топ жетекшісі Г.Рахманбердиева, координаторлар Г.Мустафаева, Б.Рахимов, Е.Сагиндиков, А.Арыкбаева қатысуымен мониторинг жасалды.
Мониторинг барысында:
«Теміржол емханасы» және «Теміржол ауруханасы», «Қазалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы», «Аудандық аурухана», «Жетес би», «Ғ.Мұратбаев» дәрігерлік амбулаторияларының туберкулездің алдын алу, анықтау және диагностикалау, емдеу жұмыстары бойынша жұмыстары қаралды;
Бірлескен бұйрыққа сәйкес аймақтық дәрігерлер мен мейіргерлерге, тікелей бақыланатын емге жауапты мейіргерлерге, жалпы саны 39 медицина қызметкері семинар сабақпен қамтылып, барлық мамандар аттестацияланды.
https://www.kopd-gs.kz/kz/zhanaly-tar/359-oblysty-densauly-sa-tau-bas-armasy-4.html#sigFreeId06d9e3318d







