Облыстық фтизиопульмонология орталығының балалар және жасөспірімдер бөлімшесінде 1қазан Халықаралық қарттар күніне орай «Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет» атты топтық сайыс ұйымдастырылды. Мақсатымыз өсіп келе жатқан жас ұрпақты имандылыққа,мейірімділік пен адамгершілікке тәрбиелеу. Сайыста бірнеше кезеңдер болды. Балалар «Құрмет» және «Ізгілік» деп екі топ болып сайысқа түсті. Алғашқы кезеңде өздерін таныстырып, мақал – мәтелдер жалғасын табу сайысы да тартысты өтті.Үй тапсырмасы бойынша балалар «Қарттар күніне» орай салған суреттерін әділқазы алқасына көрсетті. Балалар әрі қарай «Тыйым сөздер» айтып жарысқа түсті. Сайыста балалармен сергіту сәті бойынша ойындар ойнатылып,топ басшыларына да сұрақтар қойылды.Қорытындысы бойынша Балалар және жасөспірімдер бөлімшесінің дәрігері Шажанбаева Жанар Бахытқызы балаларды арнайы алғыс хаттармен марапаттап, сыйлықтар табыс етті.
https://www.kopd-gs.kz/kz/zhanaly-tar/361-lkenge-rmet-kishige-izet.html#sigFreeId09a26720c0







