Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 22.01.2025 жылғы №29 бірлескен бұйрығында көрсетілген кестеге сәйкес туберкулездің ұлттық программасының орындалуының 9 айлық қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 9-10.10.2025 жыл аралығында МжБ тобы, құрамында топ жетекшісі Г.Рахманбердиева, координаторлар Г.Мустафаева, Е.Сагиндиков, Б.Рахимов және А.Арыкбаева қатысуымен қалалық №5 емханаға мониторинг жасалды.
Мониторинг барысында: Туберкулезді анықтау және диагностикалауды, атап айтқанда жедел әдіс молекулярлы-генетикалық тәсілдің жүргізілуіне, флюорографиялық тексеру жоспары және оның орындалуына, құжаттардың толтырылу сапасы сарапталып, емделуші науқастардың ем барысына бағалау жүргізілді.
Бірлескен бұйрыққа сәйкес аймақтық дәрігерлер мен мейіргерлерге семинар оқумен қамтылып, мамандарға тест нұсқасында аттестация жүргізілді.
https://www.kopd-gs.kz/kz/zhanaly-tar/364-tuberkulezdi-any-tau.html#sigFreeIdbc964d39e7







