ФинIQ – қаржылық сауаттылық деңгейін анықтайтын тест 2025 жылғы 10 мен 20 қазан аралығында Қаржы мониторингі агенттігі «Заң мен Тәртіп» және «Адал Азамат» тұжырымдамаларын ілгерілету мақсатында, «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы мен Halyk Bank қолдауымен республикалық қаржылық қауіпсіздік бойынша диктант өткізеді. Диктант мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру. Тест нәтижесінде әрбір азамат алаяқтық схемалардан қорғану дағдыларын меңгереді. Диктант онлайн тест форматында өтеді. Сұрақтар күрделілігіне қарай бірнеше деңгейге бөлінген. Диктантқа кез-келген адам қатыса алады. Қатысушылар тестті бірнеше мәрте өтуге құқығы бар, сондай-ақ алдын-ала оқу материалдарымен танысу мүмкіндігі бар. Диктантты өткен әрбір қатысушыға сертификат табысталады. Қысқа уақытта ең жоғары балл жинағандарға шараның ресми серкітесі Halyk Bank атынан арнайы сыйлықтар қарастырылған. «ФинIQ» республикалық диктантына қосылыңыз – қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз! 📞 Call-center: 1458

https://amlacademy.kz/finiq

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ СЕРПIЛIС: облыста дәрігер тапшылығы азайып келеді
Медицина мамандары тапшылығын жою - халықтың денсаулығын жақсартуда едәуір үлес қосады десек, облыстың денсаулық сақтау саласында кадр тапшылығын жою бағытында нақты қадамдар жасалып келеді. Яғни облыс әкімдігінің қолдауымен жүргізіліп жатырған кешенді іс-шаралардың нәтижесінде медицина мамандарына тапшылық жылдан жылға азайып келеді.
Бүгінгі таңда аймағымызда 3 мыңға жуық дәрігер және 11 мыңға жуық орта буынды мамандар қызмет етеді.
Өңірімізде жалпы тапшы 100 дәрігер бар десек, оның 34 пайызы аудандарға тиесілі. 2024 жылы аудандардағы тапшылық саны - 45,2-ні құраса, яғни аудандардағы дәрігерлердің тапшылық саны 11 пайызға төмендеп отыр.
Денсаулық сақтау жүйесінің, әсіресе ауылдық жерлерде кадрлық әлеуетті арттыруға ерекше назар аударылады. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен өңіріміздегі тапшы мамандықтар бойынша мамандар даярланып, жас мамандарға 2020 жылдан бастап бірмезеттік әлеуметтік көтермеақы берілуде. Ал аса қажетті медицина қызметкерлеріне 2020-2023 жылдар аралығында 99 жас маманға 500 АЕК көлемінде бірмезеттік көтермеақы берілді.
Өткен жылы Мемлекет басшысының бастамасымен ауылдық елді-мекендерге кемiнде 5 жыл мерзімге жұмысқа келген 4 дәрігерге (акушер-гинеколог, неонатолог, анестезиолог-реаниматолог, травматолог) 8,5 млн. теңге көлемінде біржолғы ақшалай төлем енгізілсе, 2025 жылға ауылдық жерге жұмысқа орналасқан аса тапшы 10 маманға (7-анестезиолог-реаниматолог, 1-травматолог ортопед, 2-кардиолог) ең төменгі жалақының 100 еселенген мөлшерінде бiрреттiк 8,5 млн. теңге көлемінде жәрдемақы берілді.
2023 жылдан бастап өңірге аса қажетті медицина мамандықтары бойынша 60 резидентке және медицина саласында сұранысқа ие «Жалпы медицина» мамандығы бойынша мамандар даярлауға 45 облыс әкімінің гранты бөлінді.
2025 жылы ЖАО гранты бойынша резиденттерді жұмысқа қабылдау жоспары: 2025 жылы - 29 маман, 2026 жылы - 45, 2027 жылы - 34, 2028 жылы - 15 болып отыр. Бұл шаралар өз кезегінде 2-3 жыл көлемінде аймақтық саланы дәрігерлермен толығымен қамтамасыз етуге, тар буынды мамандар тапшылығын мейлінше азайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Облыста медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінiп жатқанының тағы бiр дәлелi - 2025 жылы жергілікті бюджет есебінен 41 медицина қызметкерi Германия, Ресей, Литва, Беларусь мемлекеттерінде және 2025 жылға арналған жоспарға сәйкес, өңіріміздегі 745 медицина қызметкері қосымша біліктіліктерін арттырды. Өз ретінде бұл қадамдар облыстың кадрлық әлеуетiн нығайтып, тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуде мүмкіндік берiп келеді.