25 ҚАЗАН - РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ
25 қазан - Республика күніне орай облыстық фтизиопульмонология орталығында салтанатты іс-шара өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталған салтанатты іс - шараны облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры Сәкен Алеудинұлы ашып беріп, медицина қызметкерлерін мерекемен құттықтап, тәжірибе мен білімдерін ұлт саулығына арнаған мамандарды арнайы алғыс хаттар және сыйлықтармен марапаттады. Халық денсаулығын жақсарту жолында жанымызға шипа сыйлайтын медицина қызметкерлері құрмет пен марапатқа әбден лайықты. Денсаулық сақтау басқармасы мен "Senim" денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының атынан 3 қызметкер"Алғыс хаты"-мен және 2 қызметкер "Құрмет грамотасымен" марапатталды. Облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры атынан "Алғыс хаты"-мен 10 қызметкер марапатталып, ал 1 зейнеткер қызметкерімізді құрметпен зейнетке шығарып салып сый сыйяпаттарын табыстады.
Марапаттарыңыз құтты болсын құрметті әріптестер! Отбастарыңыз аман, дендеріңіз сау болсын!
https://www.kopd-gs.kz/kz/zhanaly-tar/372-25-azan-respublika-k-nine-oraj-merekelik-shara-tti-2.html#sigFreeId888819f9fd







