ФинIQ – қаржылық сауаттылық деңгейін анықтайтын тест 2025 жылғы 10 мен 20 қазан аралығында Қаржы мониторингі агенттігі «Заң мен Тәртіп» және «Адал Азамат» тұжырымдамаларын ілгерілету мақсатында, «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы мен Halyk Bank қолдауымен республикалық қаржылық қауіпсіздік бойынша диктант өткізеді. Диктант мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру. Тест нәтижесінде әрбір азамат алаяқтық схемалардан қорғану дағдыларын меңгереді. Диктант онлайн тест форматында өтеді. Сұрақтар күрделілігіне қарай бірнеше деңгейге бөлінген. Диктантқа кез-келген адам қатыса алады. Қатысушылар тестті бірнеше мәрте өтуге құқығы бар, сондай-ақ алдын-ала оқу материалдарымен танысу мүмкіндігі бар. Диктантты өткен әрбір қатысушыға сертификат табысталады. Қысқа уақытта ең жоғары балл жинағандарға шараның ресми серкітесі Halyk Bank атынан арнайы сыйлықтар қарастырылған. «ФинIQ» республикалық диктантына қосылыңыз – қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз! 📞 Call-center: 1458

https://amlacademy.kz/finiq

Ардақты ардагерлер!
Сіздерді «1 қазан-Халықаралық қарттар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
«Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деп өсиет еткен қазақ қашанда қарттарын қадірлеп өскен ұлт. Бүгінде әр шаңырақта ақылын айтып, тәлімді тәрбиесін беріп, ұлағатты ұғымдарды сіңіріп, шүпірлеген немере-шөберелерінің ортасында марқайып отырған ата-әжелерімізді көрудің өзі бір ғанибет. Расында, қарттарымыз-еліміздің алтын қоры. Тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы біз үшін аса құнды. Сондықтан xалқымыз ертеден-ақ үлкенге құрмет көрсетуді өсиет етіп, ұрпақтар арасындағы сабақтастыққа, үйлесімге ерекше мән берген.
Қарттарымыздың әрбір сөзі-өсиет, әрбір батасы-рухани байлық. Таяуда өткен мерейлі мерекеге орай Облыстық фтизиопульмонология орталығы әкімшілігі мен бастауыш кәсіподақ ұйымы ұйымдастыруымен, елдің берекелі бірлігі мен тату тірлігі жолында аянбай еңбек еткен зейнеткерлерімізге: Исаева Рыскүл Нұрманқызына, Пірмаханов Бұхарбек Пірмаханұлына, Бекишев Жетпіс Бекішұлына, Балмаханов Ерғали Рүстемұлына, Абишева Бахыт Қаппарқызына, Арынғазиева Күлайхан Мадешқызына, Сейдахметова Нұрсұлу Сейдахметқызына, Аяпова Нысанбикеге, Калиева Дамегулге, Ахметова Айжамал апаларымызға арнап ақ дастархан жайылып, мерекелерімен құттықтап, сый-сияпаттары табыс етілді. Алдағы уақыттада ардагерлерге кезең кезеңімен құрмет көрсетілетін болады.
Құрметті Абзал ардагер ағалар, Қадірлі Асыл аналар!
«Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген ғибратты сөз бекер айтылмаса керек. Сіздер сабырлылық, қарапайымдылық қасиеттеріңізбен біздерді мейірімділік пен еңбексүйгіштікке, Отанға, отбасына деген адалдыққа және абыройлы болуға тәрбиелеп келесіздер. Сіздердің әрбіріңіздің жүріп өткен жолдарыңыз, еткен еңбектеріңіз – ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Ақылы-дария, білімі – теңіз , өмірлік тәжірибесі мол сіздерден тәлім-тәрбие алған біздер өздеріңіз бастаған игілікті істерді жалғастырудамыз.
Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілейміз! Қазыналы қарттарымыздың қатары ортаймасын!
Іс-шара барысында арадагерлеріміз еңбек өмір жолдарындағы қиын да қызыкты тарихтарын айта отырып,тәжірибелерімен бөлісті. Өздеріне деген көрсетілген сый-құрметке ризашылықтарын білдіріп, баталарын беріп, алғыстарын айтты.