ФинIQ – қаржылық сауаттылық деңгейін анықтайтын тест 2025 жылғы 10 мен 20 қазан аралығында Қаржы мониторингі агенттігі «Заң мен Тәртіп» және «Адал Азамат» тұжырымдамаларын ілгерілету мақсатында, «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы мен Halyk Bank қолдауымен республикалық қаржылық қауіпсіздік бойынша диктант өткізеді. Диктант мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру. Тест нәтижесінде әрбір азамат алаяқтық схемалардан қорғану дағдыларын меңгереді. Диктант онлайн тест форматында өтеді. Сұрақтар күрделілігіне қарай бірнеше деңгейге бөлінген. Диктантқа кез-келген адам қатыса алады. Қатысушылар тестті бірнеше мәрте өтуге құқығы бар, сондай-ақ алдын-ала оқу материалдарымен танысу мүмкіндігі бар. Диктантты өткен әрбір қатысушыға сертификат табысталады. Қысқа уақытта ең жоғары балл жинағандарға шараның ресми серкітесі Halyk Bank атынан арнайы сыйлықтар қарастырылған. «ФинIQ» республикалық диктантына қосылыңыз – қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз! 📞 Call-center: 1458

https://amlacademy.kz/finiq

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 22.01.2025жыл №29 бірлескен бұйрығында көрсетілген кестеге сәйкес  туберкулездің ұлттық программасының орындалуының 2025жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 22-24 қазан аралығында  МжБ тобы, құрамында топ жетекшісі  Г.Рахманбердиева, координаторлар Г.Мустафаева, Е.Сагиндиков А.Арыкбаева  қатысуымен Арал аудандық көп бейінді орталық ауруханасына мониторинг жасалды. 
Мониторинг барысында: 
- «А.Байтұрсынов» АЕ, «Абай» АЕ, «Қызылжар» ДА, аудандық аурухананың туберкулездің алдын алу, анықтау және диагностикалау, емдеу жұмыстары бойынша жұмыстары қаралды;
- Бірлескен бұйрыққа сәйкес аймақтық дәрігерлер мен мейіргерлерге, тікелей бақыланатын емге жауапты мейіргерлер, жалпы саны  57 медицина қызметкері семинар оқумен қамтылып, барлық мамандарға тестілеу нұсқасымен  аттестация жүргізілді.