ФинIQ – қаржылық сауаттылық деңгейін анықтайтын тест 2025 жылғы 10 мен 20 қазан аралығында Қаржы мониторингі агенттігі «Заң мен Тәртіп» және «Адал Азамат» тұжырымдамаларын ілгерілету мақсатында, «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы мен Halyk Bank қолдауымен республикалық қаржылық қауіпсіздік бойынша диктант өткізеді. Диктант мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру. Тест нәтижесінде әрбір азамат алаяқтық схемалардан қорғану дағдыларын меңгереді. Диктант онлайн тест форматында өтеді. Сұрақтар күрделілігіне қарай бірнеше деңгейге бөлінген. Диктантқа кез-келген адам қатыса алады. Қатысушылар тестті бірнеше мәрте өтуге құқығы бар, сондай-ақ алдын-ала оқу материалдарымен танысу мүмкіндігі бар. Диктантты өткен әрбір қатысушыға сертификат табысталады. Қысқа уақытта ең жоғары балл жинағандарға шараның ресми серкітесі Halyk Bank атынан арнайы сыйлықтар қарастырылған. «ФинIQ» республикалық диктантына қосылыңыз – қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз! 📞 Call-center: 1458

https://amlacademy.kz/finiq

ОДСБ «Қайта даярлаудан өткізу туралы» 28.10.2025 жылғы №484 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 6-7 қараша күндері облыстық, қалалық және аудандық медицина ұйымдарындағы тікелей бақыланатын емге және бейне бақыланатын емдеу үшін жауапты мейіргерлер (химизаторлар), биологиялық материалды (қақырықты) жинауға жауапты мейіргерлер және оларды уақытша алмастыратын мамандары (дублерлер) Облыстық фтизиопульмонология орталығында қайта даярлаудан өткізілді. Оқу барысында: 
- ҚР ДСМ-інің 30.11.2020жылғы №214, 30.09.2022жылғы №107 және 28.03.2022жылы №29 бұйрықтарына бойынша жұмыс барысы айтылды; 
- Оқу барысында мамандар білімін тексеру барысында алдыңғы және қорытынды тест алынып, барлығы 27 жауапты маман қамтылды; 
- Баяндамалар барысында көптеген сұрақтар қойылып, оларға толыққанды жауаптар берілді; 
- Қақырық жинау бөлмесі көрсетіліп, жұмыс барысы практикалық тұрғыда көрсетілді.